Жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама
2019 жылғы
«__» қаңтар

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшіне енетіндігін       хабарлайды.

     Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 29 шілдедегі №352 «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына түзетулер көпшілік алдында талқылауға енгізді.

     «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына ҚР Экологиялық кодексінің 154-бабына, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 87, 132-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңына, ҚР «жасыл экономика» бойынша тұжырымдамасына, ҚР Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 «Әкімшілік деректерді әкімшілік дереккөздермен тегін беру ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Қалдықтардың сыныптамасын бекіту туралы» № 169-п бұйрығына сәйкес, сонымен қатар жыл сайын Министрлік және Үкімет арасындағы «Өнеркәсіптік қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы және «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі» нысаналы индикаторы бойынша стратегиялық жоспар көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі меморандумға сәйкес өзгерістер енгізіледі.

     Түзетулерді қабылдау мерзімдерін ескере отырып, 2018 жылға арналған қалдықтарды түгендеу туралы жылдық есеп қолданыстағы нұсқада «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығына сәйкес қалыптастырылады, ал 2019 жылдың қалдықтарды түгендеу туралы жыл сайынғы есеп 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылдың 1 наурызына дейін жаңа нысанда http://os.energo.gov.kz ҚОҚ БАЖ жүйесінде қалыптастырылады.

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрлық эфирлік Телерадио хабарларын тарату бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Цифрлық эфирлік көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жарлығы бойынша № 262 13.06.2008 ж. қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңмен ажырату арқылы іске асырылмақ. Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу – халықаралық «Женева 2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігімен бекітілген кешенді жоспардың «Адал жол–Честный путь» жобасы аясында, аудан әкімімен бекітілген  марафон өткізуге арналған іс-шаралар жоспарының негізінде  Покатиловка с. мектебінде «Жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында 2018 жылдың 10 қазанында пікірталас түрінде ойын өткізілді.

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилілігі мен қызметінің нәтижелілігі – халыққа қызмет етудің тиімділігінің кепілі

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары А.А.Шаимованың жұмыс сапары

 

Ағымдағы жылдың 20-21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шаимова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.