Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылсайынғы жолдауында мемлекеттік қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеп, электрондық үкіметті дамытып, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру сияқты тапсырмаларды жүктейді.

 

Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі заманда электрондық жүйеге көшу аса маңызды болып отыр. Мемлекет пен  халық арасында байланыс орнатуды жеңілдету үшін электронды үкімет жұмыс істейді. Электронды үкімет халық үшін  тиімді, әрі қолжетімді. Әсіресе, www.e.gov.kz  порталын пайдалану жолға шығындалмай, мекемелердің табалдырығын тоздырмай, уақыт жоғалтпай мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің ең ыңғайлы жолы екені сөзсіз. Аталмыш порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электронды сандық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік бар.Сондай-ақ, халыққа барынша ыңғайлы болу үшін TELEGRAM- бот та іске қосылды. Ол смс хабарлама арқылы кейбір қызметтерді алуға мүмкіндік береді.Ол үшін бар болғаны мобильді азаматтар базасына тіркелу жеткілікті.

 

 Покатиловка селолық округі ауыл тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатымен  үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Өткен айда  осы электрондық үкімет пен мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ашық есік күні ұйымдастырылып, 41 ауыл тұрғындарына , www.e.gov.kz  порталы мен TELEGRAM- бот қосымшалары туралы түсінік берілді.

 

Мұндай саясат еліміздің одан әрі өркендеуіне,  халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.

 

 

                                                                         «Покатиловка селолық округі әкімінің аппараты» ММ

                                                                         бас маманы Балғаным Сулейменова