Білім беру саласы

Покатиловка ЖОББ мектебінің ғимараты 1975 жылы салынған. Мектеп директоры м.а. – Мурзагалиева Гульнара Есенжоловна, білімі – жоғары.  Мұғалімдер саны - 30. Оқушылар саны – 112, 14 пән кабинеті, сонымен қатар спорт зал, кітапхана, асхана, жинылыс өтетін залы бар. Компьютер саны - 35, интернетке қосылғаны–12.                                                                                                          

2017 жылы мектепке ағымдағы жөнду жұмыстары жүргізілді.

Покатиловка ауылындағы «Қызғалдақ» бөбекжайы МКҚК ғимараты 1964 жылы салынған. Балабақша меңгерушісі – Тлесова Анара Мақсотқызы, білімі – жоғары.  штатта 20 адам (3 тәрбиеші) жұмыс жасайды.  32 бала тәрбиеленуде. балабақша мекемесінде 11 бөлме.

 

Денсаулық сақтау саласы

Покатиловка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының ғимараты 1976 жылы салынған. Амбулатория меңгерушісі - Имагамбетова Гүлсум Ермекқызы, білімі -жоғары. Штат бойынша 3 адам. Қабылдайтын адам саны – медициналық санақ бойынша  930 адам.

 

Мәдениет саласы

Покатиловка ауылындағы селолық Мәдениет үйінің ғимараты 1968 жылы салынған. Мәдениет үйінің меңгерушісі – Сунцов Николай  Дмитриевич., білімі - жоғары. Штат саны -9 адам. Көрермен залы 250 орындық.

Покатиловка ауылындағы селолық кітапхана 1968 жылы салынған Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Сарсекеева Маншук Кажгеревна, білімі –арнаулы орта. Кітап қоры - 21840 дана.

 

«Каз Пошта» АҚ филиалы

«КазПошта» АҚ филиалының мекемесі - пошта байланысының селолық бөлімшесі  Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Басшысы- Джумашева Баян-Сулу Гусмановна, білімі- арнаулы орта .Штат саны-1 адам.